Парламент депутаттары заңнамаға өзгерістер енгізуді және ауылды сумен қамтамасыз етуге субсидия бөлуді ұсынады

"Бюджеттік және Су кодекстерінің арасындағы қайшылықтарды жойып, субсидия бөлу арқылы соңғы тұтынушының суды арзан алу тәртібін енгізу мүмкіндігін зерделеу қажет",- деп мәлім етті Е. Аман.

Ол, Бюджеттік және Су кодекстерінің нормаларына сәйкес "республикалық бюджет есебінен тек топтық су таратқыш салынуда және су беру қызметінің бағасын арзандату да тек топтық су таратқыштар үшін белгіленген, жергілікті атқарушы органдар мен бағдарлама администраторлары республикалық бюджеттен қаржыландыруға әдетте топтық су таратқыш болап табылатын қымбат және үлкен қашықтықтағы жобаларды ұсыну мүмкіндігін іздейді", деп түсіндіріп өтті.

"Мұндай нысандарды салудың қымбаттылығы үлкен пайдалану шығынына, салық жүктемесінің өсуіне, осыдан кейін берілетін ауыз су бағасының қымбат болуын және де осыған сәйкес шығару тарифінің жоғары болуына әкеп соқтырады. Соның салдарынан мұндай тарифтер көптеген ауыл тұрғындары үшін ауыртпалық әкеледі",- деп атап өтті сенат депутаты.

Ауылшаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев өз кезегінде, "ауыл тұрғындары үшін бір текше метр судың бағасын 45 теңгеден асырмайтын (ал бұл орташа қалалық тарифке жақын) тарифпен толық субсидия бөлуге" жүргізілген алдына ала талдау нәтижесі бойынша небәрі 300 млн теңгеге жуық қаржы қажет",- деп атап өтті.

"Әрине, жаңа нысандар енгізілсе субсидия бөлу көлемі өсетін болады. Бірақ біз ауыл тұрғындарының да, қала тұрғындарының да суға теңдей қол жеткізуін қамтамасыз еткіміз келсе, біз осындай қадамға баруымыз керек",- деп санайды А. Рябцев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті