Парламент "Елордасының мәртебесі туралы" заңды қабылдады

"Бұл заң қаланы дамытудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді", - деді заң жобасын депутаттарға таныстырған Астана әкімі Асқар Мамин. Оның айтуынша, құжатта "әкім мен мәслихаттың құзыреті аясын кеңейтетін бірқатар жаңа нормалар бар".

Сонымен бірге сенат депутаттары кодекс нормаларын "Қазақстан Республикасы Елордасының мәртебесі туралы" заңға сәйкестендіруге бағытталған "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті