Парламент еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі заңдарға өзгерістерді қабылдады

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Бұрын хабарланғандай, сенаторлар жұмыс берушілер, жеке тұлғалар жұмыс орындауға, үй шаруашылығында қызмет көрсетуге тартқан еңбек мигранттар санын шектеуге және тиісті әкімшілік жауапкершілік белгілеуге бағытталған.

Еңбек кодексі мен «Халық көші-қоны туралы» заң баптарын сенат депутаттары жеке тұлғаның бір уақытта бес адамнан аспайтын еңбек мигрантын тарту туралы жаңа нормамен толықтыруды ұсынды.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың тиісті рұқсатсыз немесе заңмен рұқсат етілген саннан астам еңбек мигрантын тартқаны үшін әкімшілік жаупкершілік белгілеу ұсынылды.

Заң бұзушылықтарды профилактикалау және болдырмауды күшейту мақсатында, сондай-ақ еңбек мигранттары жасаған қылмысты анықтау және әшкерелеу үшін сенат депутаттары олар рұқсат алу кезінде еңбек мигранттарын есепке алудың жаңа түрін, дәлірек айтқанда, фото-, дакто- және өзге есепке алу түрін енгізуді ұсынды.

Тарихи отанына оралғысы келетіндер үшін ақшалай емес жеңілдіктерді сақтау ұсынылған, мәселен, жұмыспен қамту, мектепте орын беру, дәрігерлік көмек, республика азаматтарымен тең дәрежеде әлеуметтік қорғау, жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін беру, жеңілдетілген несие беру және Қазақстан Республикасы аумағында бес жылдан астам уақыт тұрақты тұрғаннан кейін ғана азаматтық беру.


Құжаттың бағыттарының бірі оралмандардың келуіне квотаны алып тастау болып табылады. Сонымен қатар, «оралман» түсінігі анықтамасын өзгерту қаралуда.