Хаттамада ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің үшінші елдермен сауда-сатығында елге әкелу немесе алып шығуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың біртұтас тізіміне енгізілген тауарларды экспорттауға (импорттауға) және осыған байланысты жекелеген қызмет түрлеріне лицензия беру мен оны бақылау ережелері айқындалады.
Хаттаманың құзыры экспорттық бақылау аясындағы тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техника және әскери мақсаттағы басқа да өнімдердің экспорты мен импортына жүрмейді.
Хаттама ережелерінде қарастырылғанындай, тауар, қызмет және жұмыс түрлерінің импортына лицензия беру тәртібін республика үкіметі отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғау үшін енгізіп отыр.
Хаттамаға 2004-жылдың 25-қазанында Мәскеуде қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті