"Заң жобасы әйелдер мен еркектерге әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарында, білім беру және ғылым салалары мен қоғамдық-саяси өмірдің басқа да салаларындағы теңдікке кепілдік беруді қамтамасыз етуге бағытталған",- деді заң жобасын мәжіліске таныстырған депутат Елена Тарасенко.
Е.Тарасенконың айтуынша, қазір Қазақстанда "мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында бірдей әріптестік ынтымақтастық пен гендерлік теңдікке жағдай жасайтын құқықтық-нормативтік акт жоқ".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті