Бұл келісімнің мақсаты Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және автокөлік тасымалын жүзеге асыруды жеңілдетуге құқықтық негіз қалау болып табылады.
Келісім Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдауды, осы елдердің аумағы арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасымалды атқаруға рұқсат берілген тасымалдаушылардың үшінші елдерге жасайтын тасымалдау жұмыстарын реттейді.
Келісімнің ережелері екі жақты қатынаста және келісімге қатысушы тараптардың аумағы арқылы транзитті тасымалға, сондай-ақ, үшінші елдерге жасалатын тасымалға халықаралық автотасымалына рұқсатнамасыз жүйе енгізуді қарастырады.
Келісімге 2007 жылдың 6 наурызында Астанада қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті