Парламент Италиямен сотталғандарды өткізіп беру туралы келісімшарт ратификациялады


Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Қазақстан мен Италия арасындағы аталмыш келісімшартқа 2013 жылы 8 қарашада қол қойылған.
Құжат ережелеріне сәйкес тараптардың бірінің аумағында сотталған тұлға жазасын өтеу үшін басқа ел аумағына өткізілуі мүмкін.
Осы келісімшартты орындау үшін екі ел өзара байланысып, қазақстан бас прокуратурасы мен Италия әділет министрлігі арқылы тікелей сұрау салып, құжат жолдайды.
Егер сотталған тұлға үкім орындаушы тараптың азаматы болып табылса; үкім ақырғы болып табылса; өткізіп беру туралы сұрату алынғанда сотталған тұлға өтеуі тиіс мерзім бір жылдан кем болмаған уақытта; сотталған тұлғаның жазбаша келісімі болса немесе сотталған тұлғаның заңды өкілінің оның әрекет қабілеттілігі жоқтығы туралы жазбаша келісімі болса; сотталған тұлғаны өткізіп беруге екі тараптың келісімі болса, онда сотталған тұлғаны өткізіп беру жүгеге асырылуы мүмкін.