Парламент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады

"Заң жобасының басты мақсаты - кеден заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіруге бағытталады",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрі Наталья Коржова.

Атап айтсақ, заң жобасымен тауарды шығарған елі анықталмаған жағдайда елге әкелінген тауардан кедендік баж салығын екі еселенген көлемде алу жөніндегі норма алып тасталды.

Бұған қоса шекара арқылы өтетін тауарлардың кедендік құны бойынша алдын-ала шешім беру жөніндегі тәртіп алынды. "Осынау өзгерісті енгізудің орындылығы тауарлардың кедендік құнының тауарды экспортқа шығарғанда оны импорттаған елде сол тауарды сату құнына немесе сатылуға тиісті құнына негізделетіндігіне байланысты",- деді Н.Коржова.

Заң президенттің қол қоюына жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті