Парламент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін палата аталмыш құжатты бірінші оқылымында мақұлдаған болатын. Сөйтіп, парламент заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, "Кедендік кодекске енгізілетін өзгертулермен 316-баптың 1-тармағының 7 тармақшасы мен 383 баптың 1-тармағының 5 абзацын қысқарту ұсынылған".

Заң жобасының авторлары - парламент депутаттарының тобы, Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 316-бабы "мәлім етілген кедендік құнды растау үшін құжаттар ұсыну" мен 383-бабының "таңдап алынған кедендік режимнің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну" жөніндегі жекелеген нормаларын жүзеге асыру "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және әкетілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді қиындатып, орындалуы мүмкін емес жағдайға әкеп соқтыратындығын " түсіндірген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті