Парламент Кеден одағы аумағымен есірткі заттарын алып жүру тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Келісімде заңды тұлғалар өзара сауданы жүзеге асыру кезінде, клиникалық зерттеулер, сараптамалар, мемлекеттік тіркеу және сапаны бақылау, жекелеген көлік түрлерімен алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишаларымен тасымалдау, жеке тұлғалардың өз пайдалануы үшін есірткі заттарын, психотропты заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит), тәртібі анықталады.

Құжатқа сәйкес, кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген заңды тұлғаларға аталған қызметті жүзеге асыруына байланысты есірткі заттарын, психотропты заттар мен олардың прекурсорларын алып жүруге, тасымалдауға (ішкі транзит) тыйым салынған.

Заңды тұлғалар мұндай заттарды тараптардың құзырлы органдары беретін рұқсат құжат болғанда ғана алып жүре алады.


Жеке тұлғалар медициналық тұрғыдан жеке пайдалану үшін дәрі-дәрмек түрінде есірткі заттары, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының шектелген санын алып жүре алады. Бұл жағдайда растайтын медициналық құжаттар немесе куәландырылған көшірме құжаттар болуы тиіс және онда заттың атауы мен саны, тараптардың заңымен айқындалған жеке пайдалануға арналған мөлшері көрсетілуі тиіс.