Қаржы министрі Наталья Коржованың түсініктемесіне сәйкес, келісіммен және оны жүзеге асыру үшін қабылданған заңға бағынышты актілермен "тауарларды алып өту критерйилері, тауарлардың мақсаты, жиынтық кедендік төлем, жеке тұлғалардың шекара арқылы жеңілдетілген тәртіппен тауар алып өту шарттары мен нормалары" және басқа да бірқатар мәселелер реттелген.
"Шешілмеген жалғыз мәселе - валюта мәселесі. 1998-жылдың 24-қарашасында 3 мың АҚШ доллары көлеміндегі валютаны кедергісіз бір мәрте енгізу нормасы регламенттелген",- деді Н.Коржова.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті