Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соған сәйкес "Қазақстан президенті туралы" және "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңдарға нақтрылау сипатында өзгерістер енгізілді.
"Түзетулерді қабылдау "Парламент туралы" конституциялық заң нормаларын парламенттің тұрақты комитеттері мен комиссиялары қабылдайтын актілердің формасына қатысты екіұшты түсініктеме беруден жалтаруға мүмкіндік берумен бірге қазір пайдаланылмайтын "заңды күшіне ие болу" атты терминологияны алып тастауға жол ашады. Ал "Президент туралы" заңда мемлекет басшысының заң жобасын шұғыл қарау қажеттігін жариялау құқығы туралы нақты көрсетуге мүмкіндік береді.
"Кейбір конституциялық заңдарға Қазқстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң президенттің қол қоюына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті