Парламент "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Заң бойынша "ҚР көлік туралы" және "Темір жол көлігі туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заңды қабылдау бәсекелестікті дамытуды, көлік рыногының барлық субьектілерінің темір жол көлігі қызметтерін алуға ұтымды және еркін қол жеткізуді, магистральдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтауды, ұлттық рынок субьектілерінің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, заң жобасы нарықтық экономика талаптарына сәйкес темір жол саласының жаңаша жұмыс моделіне құқықтық негіз қалауға бағытталған.