Парламент хайуанаттар дүниесін қорғау және оны пайдалану мәселесін реттейтін заңды қабылдады

Заңда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан хайуанаттар түрлерін қорғауға қатысты бірқатар нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, заң аң шаруашылықтары аумағынан тысқары жерлерде аң аулауға, балықты тегін аулауға тыйым салады. Заңда сондай-ақ, аң шаруашылықтарының резервіндегі және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су қоймаларындағы хайуанаттар дүниесінің орнын толықтыру және мемлекеттік санаққа қамту, қорғау шараларын қамтамасыз ету функцияларын жергілікті атқарушы биліктің құзырынан республикалық хайуанаттар дүниесін қорғау және оның орнын толықтыру саласындағы уәкілетті органның құзырына беру көзделген.

Құжатқа сәйкес, хайуанаттар дүниесін қорғау жұмысымен тікелей айналысатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері погонсыз арнаулы киіммен қамтамсыз етілуі тиіс.