Парламент халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады



ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың түсініктемесіне сәйкес, "халықты жұмыспен қамту саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру және заң нормаларын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру" үшін түзетулер енгізілді.
Өзгерістердің көмегімен әлеуметтік жұмыс орындарын құру заңдастырылды. Сонымен бірге заң жобасына сәйкес мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясатын, соның ішінде мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған квотаны іске асыруда жұмыс берушілер жүктейтін міндеттер аясын кеңейтетін нормалар енгізілді.
Құжатта азаматтарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын жеке меншік агенттіктердің құқықтары мен міндеттері айқындалған. Атап айтсақ, құжатта жеке меншік агенттіктердің көмегімен шетелдерге жұмыс істеуге барған Қазақстан азаматтарын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған.
Заң президентті ңқол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті