Парламент Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасын түстен кейін алғашқы оқылымда талқылайды

Бұдан кейін отырыста 15 сағатқа дейін үзіліс жарияланды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасын парламент екіден кем емес оқылымда қарап, егер әр палатадағы жалпы депутаттар санының төрттен үш бөлігінен кем емес бөлігі ол үшін дауыс берген жағдайда ақырғы оқылымда қабылданады. "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент алғашқы оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда талқылайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті