Заңнамаға енгізілетін өзгерістер біріккен қадағалауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру тәсілі ретінде жетілдіруге, депозит иелерінің құқығын қорғауға, банк іс-қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Атап айтсақ, заң жобасында банктердің меншік құрылымы мен банктерді бақылаушы құрылымдардың ашықтығын арттыруды бақылау ұғымын енгізу, сондай-ақ, банк конгломератының ауқымын айқындау қарастырылған. Бұл - уәкілетті мекеменің қадағалау функциясын консолидациялық негізде мейлінше тиімдірек жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге енгізілетін түзетулер "қаржылық ұйымдарға лицензия беру жүйесін оңтайландыруға, соның ішінде уәкілетті мекеме тарапынан банк өкілдіктерін, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын, зейнетақы жинақтаушы қорларды құруға келісімін беру процедурасын алып тастау; оларды ашуға рұқсат беру шарттарын жеңілдету; қаржылық ұйымдардың жетекшілеріне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге бағытталған.
Өзгерістер жекелеген банк операцияларын жүзеге асырушы ұйымдардың іс-қызметін реттеуді ырықсыздандыруға бағытталған. Атап айтсақ, заңда ломбардтар мен несиелік серіктестіктердің іс-қызметіне лицензия беру және оны бақылауды алып тастау қарастырылған. Аталған несиелік операциялар жүйелі тәуекелге душар етпейді ал оларды мемлекет тарапынан реттеу тәртіптерін жеңілдету банктік емес мекемелерді несиелер таратуға ынталандырып, тұрғындар мен шағын бизнестің несиелерге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады.
Заңда сонымен бірге шетелдердің қатысуымен құрылған банктердің жарғылық капитал үлесіне, сондай-ақ, шетелдердің қатысуымен құрылған банктердің басқарушылары құрамына, осындай банктердің қызметкерлері құрамына қойылған шектеулерді алып тастау қарастырылған.
Заң президенттің қол қоюына жолданды.