Заң жобасын палата отырысында таныстырған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, "бұл жоба Елбасының 2003-жылғы 7-мамырдағы "Қазақстан қарулы күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру шаралары туралы" жарлығына сәйкес жасалған". Министр орынбасарының айтуынша, "Қорғаныс және ҚР Қарулы күштері туралы" жаңа заң қабылдау қажеттігі 1993-жылғы заң ескіріп, қазіргі қолданыстағы заңнамаларға, атап айтсақ, президенттің жарлығымен бекітілген Қарулы күштер құрылымына қайшы келуіне байланысты туындады.
"Заң жобасына ұғым-түсініктер жинағы мен кейбір жаңа нормалар қамтылған. Атап айтсақ, онда Қазақстандық әскерилердің жауынгерлік шабуылдарға қатысу жайы көрсетілген",- деді А.Тасболатов. ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, жаңа заңды қабылдау бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.
Мәжілісте мақұлданған заң жобасы сенаттың қарауына тапсырылды.