Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Иран елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесуде екі елдің ынтымақтастық байланысы, парламенттік деңгейде болатын қарым-қатынасты дамытудың келешегі жайлы сөз болды.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы жөнінде әңгімелеп берді. Парламенттің ролі туралы айтты. Мәжіліс жанынан құрылып жатқан Қоғамдық Палата туралы, оның көздеп отырған мақсаты жайлы баяндап берді. Парламентаралық қатынастың дамып келе жатқаны анық. Жуырда Мәжіліс депутаттары іссапармен Иранға аттанды. Алдағы уақытта да тәжірибе алмасу барысында іссапарлар болатыны қарастырылуда.

Елші Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастық байланыстың өрістей түскенін тілге тиек етті. Соңғы үш жылда сауда айналымы үш есе өскен. Елші Қазақстанның Еуразияда жоғары беделге ие болып отырғанын ерекше атады. Мәжіліс төрағасының орынбасарын Иранға іссапармен келуге шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті