Парламент мәжілісінің 22-қыркүйекке белгіленген жалпы отырысы кейінге қалдырылды

Жалпы отырыс 24-қыркүйек, жұмада өтеді деп күтілуде. Баспасөз қызметі отырыстың кейінге қалдырылу себебі туралы түсініктеме берген жоқ. Ал палата аппаратының бір қызметкерінің хабарлауынша, жалпы отырысты кейінге қалдыруға депутаттардың отырысқа жиналмауы себеп болған.

Бүгін, 21-қыркүйекте өткен "2005-жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына мәжіліс депутаттарынан жалғыз адам - Қуаныш Алпысбеов қана қатысқан. Ал бұған дейінгі жылдар тәжірибесіне қарағанда, бюджет жобасын талқылау депутаттар үшін "ең қызу" проблемалардың бірі болатын.