Парламент мәжілісінің барлық комитеттерінің төрағалары сайланды, төрт комитетті "Отан" өкілдері басқаратын болды

Палатаның заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып "АИСТ" сайлау алды блогынан ат ұсынған, Азаматтық партияның мүшесі Сергей Жалыбин сайланды

Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрайымы болып "Асар" партиясыынң өкілі Вера Сухорукова сайланды
Палатаның қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасына "Отан" партиясының мүшесі Кенжеғали Сағадиев сайланды.
Парламент палатасының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағы да "Отан" өкілі Серік Әбдірахманов сайланды.
Мәжілістің ауылшаруашылығы комитетінің төрағасы болып "АИСТ" блогының өкілі Ромин Мәдинов сайланды.
Парламент палатасының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып Зәуре Қадырова қайтадан сайланды. Ол "Отан" өкілі.
Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасына "Отан" партиясының өкілі Ерлан Нығматулин сайланды.
Сөйтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша мәжілістің жеті комитетінің төртеуін "Отан" өкілдері, екі комитетті Азаматтық және Аграрлық партияларды біріктірген "АИСТ" блогының, бір комитетті "Асар" партиясының өкілі басқаратын болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 3-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында палата жетекшісі мен оның орынбасары сайланып, бұл екі орынға да "Отан" өкілдері сайланған.