Парламент мемлекеттік басқару деңгейлері арасында құзырет аясын шектеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулер топтамасы қазір жүзеге асырылып жатқан әкімшілік-бюджеттік реформалар аясында мемлекеттік аппараттың барлық буындары арасында міндеттер бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру үшін жасалды. Соған сәйкес еліміздің Конституциялық үш заңына, атап айтсақ, "Республикалық референдум туралы", "ҚР үкіметі туралы", "ҚР конституциялық кеңесі туралы" заңдарға өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ, кейбір заңдарға да түзетулер енгізіледі. Заң 2005-жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.