Парламент мобилизация туралы заң жобасын қабылдады

Заң шығару процедурасына сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшыснң қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы алғанда бұл құжат Қазақстандағы мобилизация және мобилизациялық дайындық жүйесін одан әрі жетілдіруді көздейді. Заң жобасында айқындалғандай, мобилизациялық қор қажетті мөлшерде құрылумен бірге ел экономикасына ауыртпалық салмауға тиіс. Мобилизациялық қордың сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан тиісті бақылау жасалады.

Заң жобасының нормалары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Оған 2005-2007-жылдарда 27 031,5 млн. теңге, соның ішінде 2005-жылы 8535,8 млн., 2006-жылы 9022,3 млн., 2007-жылы 9473,4 млн. теңге бөлу жоспарланған.