Келісімдерде тараптар мойындайтын жол құжаттарының тізімі, визасыз кіріп-шығу, мемлекеттік шекарадан транзитті өту тәртіптері, тұрақты тұрғылықты жеріне көшіп келу ережелері нақты айқындалған.
Келісімде тараптардың бір ел азаматтарының екінші жақтың аумағында болу мерзімін қысқарту немесе елге келуіне рұқсат бермеу құқығы қарастырылған.
Бір мемлекеттің аумағына 90 күннен артық уақытпен келген екінші жақтың азаматтары қабылдаушы мемлекеттің визасын алуға міндетті. Бір мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын екінші мемлекеттің азаматтары қабылдаған мемлекеттің аумағына визасыз кіріп-шыға алады. Ол үшін олардың қолында олардың тұрақты тұрғатындығын растайтын құжаттары болуға тиіс.
Грузиямен арадағы келісімге 2005-жылдың 3-қазанында Тбилиси қаласында, ал Молдовамен келісімге 2003-жылдың 17-қыркүйегінде Кишиневте қол қойылған.
"Қазақстан мен Молдова азаматтарының өзара барыс-келісі туралы үкіметаралық келісімді бекіту" және "Қазақстан мен Грузия азаматтарының өзара барыс-келісі туралы үкіметаралық келісімді бекіту туралы" заңдар президенттің қол қоюына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті