Парламент мүшелері Санкт-Петербургте ҰҚКҚ ПА және ТМД ПАА отырыстарына қатысады

Атап айтқанда, бейсенбі күні парламент мүшелері ҰҚКҰ ПА, ТМД ПАА Кеңес отырыстарына қатысады. РФ Мемлекеттік дума төрағасы Сергей Нарышкин, РФ Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Әзербайжан меджлис басшысы Октай Асадовпен кездесу жоспарланған.

Жұма, 29 қараша күні қазақстандық депутаттар ТМД ПАА пленарлы отырысына қатысады, Украина Жоғары рада спикері Владимир Рыбакпен кездеседі.

Бұл күні Санкт-Петербургте мәжіліс пен ТМД ПАА «Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану мен қару таратпау үрдісіндегі парламент мүшелерінің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады.


Конференцияға мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин басқарған қазақстандық делегация қатысады. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.