Парламент ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңды қабылдады

Заң негіздемелік сипатта. Ол ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты жалпылама минималды талаптарды белгілейді. Онда сандық сипаттамалары көрсетілмейді. Өйткені бұл сипаттамалар аталмыш өнімнің қауіпсіздігіне қатысты арнаулы талаптарды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті