Сондай-ақ, мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінен құрылған жұмыс тобы "Қазақстан даму банкі туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қарайды. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сол күні аталмыш профильдік комитеттің төрағасы Қаратай Тұрысов 70 жасқа шығады. Депутаттың мерейтойына орай парламентте халық қалаулысының өмірі мен іс-қызметі туралы мол мәлімет беретін екі кітап пен телефильмнің тұсаукесері өткізіледі. Мерейтойлық салтанатқа қоғам, БАҚ және мемлекеттік мекемелер өкілдері шақырылған.