Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2008 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын",- делінген өкім мәтінінде.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, парламенттің сессиясы қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталады, парламент сессиясын ел президенті ашады.