Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20-маусымға белгіленді

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 20-маусымында Атана қаласында шақыруды бұйырамын”,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Бірлескен отырыста депутаттар үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін талқылап, 2006-жылғы бюджетке өзгерістер енгізеді деп күтілуде.