Парламент палаталарының бірлескен отырысы 24 маусымға белгіленді

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2008-жылдың 24-маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Агенттік тілшісіне парламенттегі ақпарат көзінің хабарлауынша, бірлескен отырыста 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебі қаралады.

Конституцияға сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітіледі, ал есепті бекітпеу парламенттің үкіметке сенімсіздік танытуын білдіреді.