Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2-қыркүйекте өтеді

Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 2-қыркүйекте өтеді.


           Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қол қойған жарлық ресми баспасөздің жұма күнгі санында жарияланды.
           Отырыс таңғы сағат 11:00-де басталады.
           Құжатта отырыстың күнтәртібіне енгізілген мәселелер көрсетілмеген.
           Қалыптасқан дәстүрге сүйенсек, осы жолы бесінші шақырылымдағы парламенттің үшінші сессиясы ашылуы тиіс.
           Оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.