Парламент палаталарының бірлескен отырысы жұма күні өтеді


Отырыс 30 маусымда өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 30 маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген 26 маусымда қол қойылған өкімде.