“Сенат пен мәжіліс бұл күні 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есептерін қарайды”,- делінген хабарламада.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, бірлескен отырыс тікелей эфирде таратылады. “Республиканың мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың 19-маусымдағы хатына сәйкес, отырыс 2006-жылдың 20-маусымында республикалық “Қазақстан” телеарнасы арқылы тікелей эфирге таратылады”.