Бұл құжат қаржы полициясы органдары туралы заңды "Қылмыстық процессуалдық Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкестендіру мақсатында жобалаған. 2004-жылдың 31-желтоқсанында қабылданған Қылмыстық процессуалдық Кодекске енгізілген түзетулер қаржы полициясына сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды тектеп-тексеруге құзырет береді.
Сонымен бірге "Қаржы полициясы органдары туралы" заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің тікелей Елбасына бағыныштылығы туралы ережені заңдастырады.