Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.
Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, "инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады" - делінген мәжіліс комитетінің отырысында.
Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.