Парламент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет нысандарын дамыту бағдарламасы аясында 29 млн 600 мың теңге қарастырылған. Дамаск қаласындағы Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеуге тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру жөніндегі ююджеттік бағдарлама аясында 54 млн 200 мың теңге қарастырылған.