Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялады

Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, бұл жоба бойынша несиелік келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған. Құжатқа сай, Әлемдік банк $13,4 млн көлемінде несие бөледі. Республикалық бюджеттен тең қаржыландыру есебінен $61,6 млн бөлінбек. Әлемдік банк несиесінің мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда - 15 жыл.

Жобаның бір ерекшелігі - ғылым жөніндегі халықаралық кеңестің құрылатындығында. Оған халықаралық сарапшылар мен кеңесшілер енеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2008 - 2012 жылдар, деді К. Шәмшидинова.