Парламент Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германияның әскери мүлкі мен қызметкерлерінің транзиті туралы келісімді бекітті

Келісімнің мақсаты Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге қатысты халықаралық күштерге көмек көрсетудегі рөлін нығайту болып табылады. Келісім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германия Федеративтік Республикасының әскери мүліктері мен қызметкерлерінің транзитін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Қазақстан аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген келісім негізінде теміржол және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Келісімге Берлинде 2007 жылдың 1-ақпанында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.