Парламент Қазақстан үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы техникалық көмек жөніндегі негіздемелік келісімді бекітті

Қазақстан үкіметі мен банк, осы қаржылық институт тарапынан көрсетілетін барлық техникалық көмектің жалпылама шарттарының жиынтығын бекіту үшін 1995 жылдың 5 қазанында техникалық көмек туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Техникалық көмекті консультанттар жүзеге асырады". Осы орайда "негіздемелік келісімге қосымшада консультанттарға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған.

Атап айтсақ, қосымшаның 7 бөліміне сәйкес, "консультанттарға қатысты мынадай шаралар қолданылмайды : техникалық көмек аясында іске асырылған барлық іс-әрекеттерге қатысты сот тарапынан қудалау жасалмайды; иммиграциялық шектеулер; шетелдік азаматтарды тіркеуге қатысты талаптар; шетел валютасын елге әкелу немесе алып шығу тәртіптері".

Қосымшаның 9 бөліміне сәйкес, "Қазақстан үкіметі консультанттарды кез-келген техникалық көмекті жүзеге асыруға байланысты барлық салықтар, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу шығындарынан босатуға, техникалық көмекті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы аумағына кез-келген жабдықтар, көлік құралдары мен материалдарды енгізуге қатысты шығындардан босатуға міндеттеме жүктейді".

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.