Сенат бүгін пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметтері арасында қосарлы салықты болдырмау және табыс салығы мен оған қосымша хаттамаға қатысты салық айналымынан жалтарудың алдын алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.
Конвенция мен оған қосымша хаттама 2008 жылы 22 желтоқсанда Абу-Дабиде бекітілді.
Конвенция жалпы табыстан және жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру, сыйақыға салынатын салық, капитал құнының өсіміне салынатын салықты қосқанда жекелеген табыс элементтерінен алынатын барлық салық түрлеріне қолданылады.