Парламент ҚР үкіметі мен ЕурАзЭҚ арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады

"Келісімде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің Қазақстан Республикасы аумағына келу шарттары туралы айтылған. Интеграциялық комитеті Қазақстан Республикасының аумағынан алынатын тікелей салықтар мен баж салығынан, және басқа да төлемдерден босатылады",- деп айтылған мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімге 2002 жылдың 25-қаңтарында Алматыда қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті