Палаталардың бірлескен отырысына мәжілістің 66, сенаттың 32 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деп мәлімдеді отырысты ашқан парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов.
Отырыста қос палатадан жасақталған комиссия аталмыш заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер туралы есеп береді деп күтілуде.