Сондай-ақ, сайлау мерзімінде құқық пен тәртіпті сақтау үшін арнаулы штаб құрылмақшы.
И.Оттоның хабарлауынша, қазіргі таңда 11 мыңдай полиция қызметкері сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді тексеру және штрих-кодтарды жапсыру жұмыстарымен айналысуда. Министрдің бірінші орынбасары ортаға салған мәліметке сәйкес, қазіргі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясына әкімшіліктер 7 млн. 375 мың сайлаушының тізімін тапсырды. Ал ішкі істер органдарына 4 млн. 240 мың дана штрих-код жапсырмалары келіп түсті. Іс жүзінде 2 млн. 881 мың дана штрих-код жапсырылды. И.Оттоның атап көрсетуінше, штрих-кодтарды жапсыру жұмыстары 1-тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Осы орайда министрдің орынбасары Қазақстан азаматтарымен бірдей сайлауға қатысуға құқығы бар оралмандар проблемасына баса назар аударды. Қазіргі жағдаймен республика көлемінде 73 мың оралман тұрып жатыр. Олардың 23 мыңы ҚР азаматтығын алған. Қазіргі жағдаймен 43 мың оралман азаматтық алу жөнінде өтініш берген. "Бұл проблеманы шешу үшін үлкен жұмыс тындыру керек",- деді И.Отто. Осыған байланысты ол аймақтық көші-қон полициясы басшыларына қазіргі жағдаймен ішкі істер органдарына өтініш берген оралмандардың азаматтығына қатысты мәселені шешу жөнінде өтініш жасады.