"Заң Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық салаларын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, реттеуші органдар мен салалық мемлекеттік органдардың құзыретін аясын нақты шектеу үшін жасалған", - делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комиссиясының қорытындысында.
Бұл заңмен мынадай салалық реттеуіштердің іс-қызметі реттеледі : Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі телекоммуникациялар мен пошта байланысы саласындағы ; Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - электр және жылу энергетикасы, темір жол транспорты, азаматтық авиация, айлық іс-қызметі, мұнай тасымалы, мұнай өнімдері мен газ тасымалы, сондай-ақ, үкімет бекіткен жіктелімдегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын реттеу функцияларын атқаратын болады.
"Заңда қарастырылғанындай, реттеуіштердің басты функциясы - реттелетін сала субьектілерінің таифтері мен бағаларын мемлекет тарапынан реттеу, лицензия беру, нарық субьектілерінің қызметі мен инфрақұрылымына ешбір кедергісіз және алалаусыз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады", - делінген қорытындыда.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті