Парламент Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын ҚҚС босату мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Салық кодексінің 226-шы бабының нормаларын қолдануға байланысты туындаған жағдайды жою үшін жасалған.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босатуды қарастыратын түзетулер күшіне енді. Алайда, Салық кодексінің осы нормасына сәйкес, Қосалқы құн салығынан босату тұрғвн үй ғимаратының бір бөлігін сату мен жалға беруге таралмаған.

Кодекс баптарының нормасын түрліше түсіндіру салдарынан Қазақстанның құрылыс ұйымдары зардап шегіп, оларға салық органдары 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қосалқы құн салығы мен осы соманың 50% көлемінде өсімпұл тағайындаған.

Енгізілетін түзетулермен Салық кодексінде туындаған аталған құқықтық қарама-қайшылық жойылады.

Заң жобасы президенттің қол қоюына ұсынылды.