Парламент салық салу мәселелері жөніндегі заңнамаларға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

"Сенат тарапынан енгізілген түзетулер заң жобасының құрылымы мен мазмұнын нашарлатпайды, ондағы тұжырымдамалық ережелерді өзгертпейді",- деді заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Аманжан Жамалов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы салық әкімшілігін оңтайландыруға, салықтан жалтарып кету қаупі үлкендігімен ерекшеленетін субьектілерге қатысты салық бақылауын күшейтуге, сонымен қатар салық процедураларын ырықсыздандыруға бағытталған.

Сенат депутаттары бұған дейін өз түзетулерімен жалған экспорт қылмысы үшін жаза қолдануға қатысты Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетуді алып тастады. Өйткені, осындай қылмыс үшін жүктелетін жаза алаяқтық жөніндегі 177, жалған кәсіпкерлік жөніндегі 192-баптарда қарастырылған".

Сонымен бірге "Салық кодексіне енгізілетін өзгерістердің арасынан осы кодекстің 144-бабында көзделген салық жеңілдіктері аясынан еліміздің резиденті болып табылмайтын жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден тапқан кірісіне жеңілдік жасау туралы ережесі бар норма алып тасталды. Өйткені, осындай тұлғалардың кірісіне салықтан жеңілдік жасау қажеттігі жоқ",- деді Е.Аман.

Сонымен бірге сенаторлар үкімет тарапынан ұсынылған "Этил спирті мен алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңға шарап сусындарына қатысты түзетулер енгізу туралы ұсынысты қайта қалпына келтірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті