Парламент сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заңды қабылдады

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының бекітуіне жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде Сауда-өнеркәсіптік палаталардың құқықтық ахуалының ерекшеліктерін айқындау мақсатын көздейді. Заң жобасына сәйкес, Сауда-өнеркәсіптік палаталардың басты мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болу, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңаша түрлерін игеруге нақты көмектер көрсетуге саяды.
Сенат депутаттары заң жобасына жоба нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді. Сонымен бірге сенат депутаттары заң жобасының кейбір нормаларын нақтылап, кейбір қайталанбалы тәртіптерді алып тастады.