Кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың қорғаныс мекемелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы екі мемлекеттің тең құқықты әріптестігінің маңыздылығын атап өте келіп Қ.Сұлтанов парламент сенаты әскери байланыстарды дамыту стратегиясын қолдайтынын және осы саладағы өзара сенімнің арта түсуіне жан-жақты жәрдемдесетінін атап өтті. "Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың заң шығарушы органдары деңгейіндегі өзара іс-қимыл біздің стратегиялық әріптестігімізді жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді" деді сенатор.
Митчелл Шиверс өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін жоғары бағалай отырып аймақтағы бітімгершілік қимылдарын табысты өткізгені үшін ризашылығын білдірді. Стратегиялық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастық туралы айта келіп мейман екі мемлекеттің одақтастық деңгейі Қазақстанның қорғаныс стратегиясындағы басымдықтармен және әскери мекемелердің тең әріптестік қарым-қатынастарын жүргізуге ұмтылысымен айқындалатынын айтты.