"Кеңестің құрамын кеңейткен орынды. Кеңес негізінен облыстық деңгейдегі мәслихаттардың хатшыларынан құралған. Кеңеске аудандық деңгейдегі мәслихаттардың хатшыларын да қамтыған жөн", -деп мәлімдеді Кеңес төрағасы, сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
Төрағаның ұсынысымен кеңес құрамына Лисаковск қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Кривошея мен Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы Естемес Аманбеков қосылды.