Парламент Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы аясындағы құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімді бекітті

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Келісім шеңберінде республикаға халықаралық лаңкестік және экстремистік ұйымдар туралы қажетті жабық ақпарттарды алып отыру, сондай-ақ, аталмыш қатерлерге тиімді қарсылық көрсете алатын әрі аймақтық және халықаралық жүйелерге интеграцияланған ұлттық жүйе құру мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Келісімді жүзеге асыру аясында тараптарды аймақтағы ахуалдың өрбу барысы хақындағы болжамдық және басқа да сараптамалық ақпараттармен қамтамасыз ету межеленген.
Келісімге Қазақстан 2004-жылдың 17-маусымында Ташкентте қол қойған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.